$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Су басқан өңірлерде үй мәселесі қалай шешіледі?

Редакция
23 сәуір 2024 02:32 2096
Су басқан өңірлерде үй мәселесі қалай шешіледі? Сурет авторы: pkzsk.info

Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтып берді.

Оның айтуынша, апаттан зардап шеккен азаматтардың тұрғын үй мәселесін жедел шешу үшін келесі механизм әзірленді:

  • әкімдіктердің дайын пәтерлерді сатып алуы;

  • зардап шеккен азаматтардың бекітілген жобаға сәйкес өз қалауымен баспана таңдауы; 

  • әкімдіктермен жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе олардың шығындарын өтеу. 

Ол жалғыз баспанасынан айырылған саяжай тұрғындарына да қолдау көрсетілетінін айтып өтті

“Бүгінгі таңда, әкімдіктермен жаңа құрылысқа жер учаскелерін таңдау жұмыстары жүріп жатыр. 

Ақтөбе облысында құрылыс жұмыстары басталды, ал Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарында дайын жаңа баспана кілттері табысталуда. Бұл жұмыстар басқада өңірлерде жалғасатын болады”, – деді министр.

Соңғы жаңалықтар