$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Студент бір басына 17 несие рәсімдеген.

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 3548
Студент бір басына 17 несие рәсімдеген. Сурет авторы: finlit.uz

Студент бір басына 17 несие рәсімдеген. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бейсенғалиев Берік мәлімдеді. 

Мәжіліс отырысынан соң тілшіміз депутаттан студенттерге несие беру қаншалықты дұрыс екенін сұрады.

“Осыған дейін 21 жасқа дейінгі адамдарға жұмысы болмаса, несие берілмеуі керек екенін қозғаған болатынбыз.

Бір студенттің анасы келді. Баласы студент екен. Еш жерде жұмыс жасамайды. 17 несие алған. Енді анасы оқуын жауып отыр. Оған қоса 17 несиесін жауып отыр”, – деп жауап берді депутат.

Ол бұл мәселе бойынша заң жобасына нормалар енгізіліп жатқанын айтып өтті. 

Біріншіден, жалақысы жоқ болса, несие ала алмайды. Ал жалақысы болса, ай сайынғы төлейтін несие мөлшері жалақысының 50%-нан аспауы керек. 

“Бұл жасқа да, кәріге де қатысты”, – деп атап өтті Мәжілісмен.

Соңғы жаңалықтар