$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Соңғы 10 жылда 600-ге жуық ауыл жойылып кетті

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 1484
Соңғы 10 жылда 600-ге жуық ауыл жойылып кетті Сурет авторы: forbes.kz

Соңғы 10 жылда ауылдық елдімекендер саны 6 838-ден 6 256 дейін, яғни 582 бірлікке қысқарды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді.

«Негізінен, ауыл санының қысқаруы, тұрғын саны 50 адамнан кем ауылдар жақын маңдағы елді мекеннің құрамына енгізілуінен болады», – деді ол.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда республикамызда 6 256 ауылдық елдімекенде 7,6 млн. адам тұрады, жалпы еліміздегі халық санының 38,4%-ын құрайды. 

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен ауыл халқының үлесі - 7,2%;  жұмыссыздық деңгейі - 4,7%;  өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үлесі – 33% немесе 1,2 млн. адам.

Министрлік жыл сайын Өңірлік стандарттар талаптарына сәйкес ауылдардың қамтамасыз етілуіне мониторинг және талдау жүргізеді.

Мәселен, 2023 жылы қамтамасыз ету деңгейі 64,3%-ды құрады, ол 2022 жылмен салыстырғанда 2,1 тармаққа өсті.  Бұл ретте, объектілермен және қызметтермен қамтамасыз етілудің ең жоғары деңгейі Маңғыстау – 72,4%, Атырау – 70% және Ақтөбе облыстарында – 69,6% байқалады.  

Қамтамасыз етілу деңгейі төмен келесі облыстар: ШҚО – 58%, Ұлытау – 57% және Абай – 55,4%.

Соңғы жаңалықтар