$ 519.64 € 609.23 ₽ 6.62

Шымкенттегі су нысандары мемлекет меншігіне қайтарылады

Абдрахманов Мағжан
30 маусым 2025 11:17 29
Шымкенттегі су нысандары мемлекет меншігіне қайтарылады Сурет авторы: ИЗВЕСТИЯ/Александр Казаков

Шымкент қаласының мамандандырылған экономикалық соты қаладағы су құбыры және кәріз жүйесіне қатысты нысандардың жекешелендірілуін заңсыз деп таныды. Енді бұл нысандар мемлекет меншігіне қайтарылмақ. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, 2004 жылдан бері аталған нысандарды «Водные ресурсы – Маркетинг» серіктестігі басқарып келген. Бұл компанияда мемлекет үлесі небәрі 22% ғана болған. Яғни стратегиялық маңызды нысандардың басым бөлігі жеке меншікке өткен.

Тексеру барысында компанияның тиімді жұмыс істемегені, қаржылық шығындары көп болғаны және байланысы бар басқа ұйымдармен күмәнді қаржылық операциялар жасағаны анықталған.

«Су кодексі мен жекешелендіру талаптары бұзылған, басқару тиімсіз болған. Осы негізде су жүйесіне қатысты барлық материалдар қала әкімдігіне беріліп, нысандарды мемлекетке қайтару туралы шешім қабылданды», – делінген агенттік хабарламасында.

Алдын ала мәліметке сәйкес, бұл шешім су бағасын кем дегенде 30%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар