$ 457.09 € 508.42 ₽ 5.67

Саша Барон Коэн Борат бейнесі үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады

Абдрахманов Мағжан
29 қазан 2026, 15:14
Саша Барон Коэн Борат бейнесі үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады Сурет авторы: Reuters

Британдық актер әрі комедиант Саша Барон Коэн өзінің Борат бейнесі үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады. Бұл жөнінде ол Happy Sad Confused подкастында мәлімдеді.

Коэн бұл образ арқылы Қазақстанды емес, осы ел туралы ештеңе білмейтін, абсурдтық оқиғаларға сенетін адамдардың надандығын келеке еткенін түсіндірді. Ол Борат бейнесінің нақты Қазақстанмен және оның азаматтарымен ешқандай байланысы жоқ екенін мойындады.

Актер фильм жарыққа шыққаннан кейін Қазақстан елшілігінің шағым түсіргенін еске алып, олардың талаптары толықтай орынды болғанын атап өтті.

«Орайы келгенде, қазақстандықтар, мен сіздерден кешірім сұраймын. Мен сіздердің акценттеріңізбен сөйлей алмаймын. Жалпы, сіздерде қандай акцент екенін де білмеймін», – деді ол.

Сонымен қатар Коэн қазақстандықтардың сырт келбеті Боратқа мүлдем ұқсамайтынын, оның кейіпкерінің мұрты да жергілікті халықтың шынайы бейнесін білдірмейтінін айтты.

«Өтінемін, қазақстандықтар, ренжімеңіздер. Мен сіздерге тек ерекше құрметпен қараймын», – деп қосты комедиант.

Соңғы жаңалықтар