Аса бай қазақстандықтарға салық қалай салынады: Үкіметке бір ай уақыт берілді
Сурет авторы: depositphotos
Қазақстанда аса ауқатты азаматтарға салық салудың жаңа тәсілдері әзірленеді. Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне халықаралық тәжірибені зерделеп, бір ай ішінде тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
«Бөлек мәселе – ауқатты азаматтарға арналған салық мөлшерлемесі. Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері бір ай мерзімде халықаралық тәжірибені зерделеп, аса ауқатты азаматтарға салық салу тәсілдерін енгізсін», – деді Бектенов Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Үкімет отырысында.
Әзірге аса ауқатты азаматтарға қандай мөлшерлеме қолданылатыны және бұл санатқа кімдер кіретіні айтылған жоқ. Бұл мәселелер халықаралық тәжірибе зерттелгеннен кейін нақтылануы мүмкін.
Үкімет отырысында жаңа Салық кодексін жетілдіру мәселесі де қаралды. Ұлттық экономика министрлігіне кодекске енгізілетін нақты түзетулерді пысықтап, оларды мемлекеттік органдармен жедел келісу тапсырылды.
Қаржы министрлігіне өңірлерде салық түсімін арттыру, көлеңкелі экономика үлесін азайту және салық пен кедендік әкімшілендіруді толық цифрландыру міндеті жүктелді. Бұл жұмыста жасанды интеллект құралдары да қолданылмақ.
Сонымен бірге Үкімет инвестиция тарту жүйесін қайта қарамақ. Ұлттық экономика және Сыртқы істер министрліктеріне «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, он күн ішінде инвестициялық үдерістерді басқарудың бірыңғай жүйесі бойынша ұсыныс енгізу тапсырылды.
Бұдан бөлек, бір ай ішінде терең өңдеуге бағытталған инвестициялық жобалардың нақты тізімі жасалуға тиіс. Әр жоба бойынша әлеуетті инвесторлар, жүзеге асыру мерзімі, өндірістің жергілікті үлесі және экономикалық тиімділігі айқындалады.
Соңғы жаңалықтар
-
Мүфтият «ред флагтың» белгілерін атады
19 минут бұрын
-
Қазақстанда мұғалімдер тапсыратын есептердің саны қысқарады
1 сағат бұрын
-
Әлеуметтік көмек кімге беріледі: Үкімет отбасылардың жағдайын бағалаудың жаңа тәсілін енгізбек
1 сағат бұрын
-
«Самұрық-Энерго» басшысының отставкасынан кейін Бектенов энергетикалық жобаларға қатаң талап қойды
2 сағат бұрын
-
Жол сапасына бақылау күшейеді: Үкімет мердігерлерге талапты қатайтпақ
2 сағат бұрын
-
«Халықтық құрылыс»: өңірлерде қандай нысандар салынатыны жыл соңына дейін анықталады
2 сағат бұрын
-
Аса бай қазақстандықтарға салық қалай салынады: Үкіметке бір ай уақыт берілді
3 сағат бұрын
-
«Ұмай» ипотекалық бағдарламасы бойынша өтінім қабылдаудың екінші кезеңі қашан басталады
3 сағат бұрын
-
Смартфон арқылы ақша табудың заңды жолы: Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа мүмкіндік
3 сағат бұрын
-
Жәрдемақы алу ережесі өзгерді: Еңбек министрлігі халықтың талабын орындады
4 сағат бұрын
-
Дана Медеуова Құрылтайдағы жаңа депутаттық топты басқарды
4 сағат бұрын
-
Қазақстанда жаңа кезең басталады: Ең төменгі жалақы өсіп, тексерулерге мораторий қойылады
5 сағат бұрын
-
«Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен босатылды: себебі айтылды
21 сағат бұрын
-
Испанияда пойыздардың соқтығысуынан кемінде 50 адам қаза тауып, 179 жолаушы жарақат алды
21 сағат бұрын
-
Астанада жалға алушы пәтерді босатуды сұраған үй иесін соққыға жыққан
23 сағат бұрын
-
Қысқы дөңгелек сатып алғанда алданып қалмаңыз: ІІМ ескерту жасады
23 сағат бұрын
-
ҚазҰУ студенттері қараусыз қалған сөмкеге байланысты эвакуацияланды
23 сағат бұрын
-
«Өгізді өлтірмей, арбаны сындырмай»: Тоқаев әлеуметтік көмек реформасы туралы айтты
1 күн бұрын
-
Қазақстанда 77 мыңнан астам медицина қызметкерінің жалақысы өседі
1 күн бұрын
-
Тоқаев бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізуді ұсынды
1 күн бұрын
-
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін өседі
1 күн бұрын
-
Тоқаев: «Балқаш» АЭС құрылысын келесі жылы бастау қажет
1 күн бұрын
-
Тоқаев: Тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді қорғауға қатысты барлық мәселе шешілген жоқ
1 күн бұрын
-
Тоқаев: Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бөлінеді
1 күн бұрын
-
Стамбұлда қаза тапқан қазақстандықтың ісінде жаңа деректер белгілі болды
1 күн бұрын
-
Сабина Алтынбекова жас волейболшыны ұрған бапкерге қатысты пікір білдірді
1 күн бұрын
-
Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады
1 күн бұрын
-
«Құжаттарды кабинетінен алып кетіп жүрдім»: куәгер сотта Боқаев кәсіподақтан қаражат жымқыруды жеке бақылауда ұстағанын айтты
1 күн бұрын
-
Тоқаев 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
1 күн бұрын
-
«Кездесуді асыға күтемін»: Трамп Тоқаевқа құттықтау жолдады
1 күн бұрын
-
Магистратура мен докторантураға түсу: 28 қазанда өтініш қабылдау басталады
1 күн бұрын
-
Өскемен ЖЭО-сы кеңейтіледі: жобаға 140 млрд теңге жұмсалады
1 күн бұрын
-
Саяхат кезіндегі уақыт белдеуінің ауысуы неге қауіпті
2 күн бұрын
-
Соғысқа қарамастан: жарты жылда 122 мың қазақстандық Ресейге жұмыс істеуге барған
2 күн бұрын
-
АҚШ-қа тікелей рейс ашу үшін Air Astana қандай талаптарды орындауы керек
2 күн бұрын
-
Сатылымға шыққанына бірнеше күн ғана болған iPhone Duo экрандары сынып жатыр
2 күн бұрын
-
Неге қазақстандық әйелдер бала тууды кейінге шегеріп жатыр – сауалнама
2 күн бұрын
-
Миллиондап табыс табатын қазақстандықтар: Елімізде кімнің айлығы ең жоғары
2 күн бұрын
-
Мектептерде 4 күндік оқу аптасы енгізілуі мүмкін бе: Қазақстандықтар жұманы демалыс ету идеясын қызу талқыланып жатыр
2 күн бұрын
-
Microsoft жасанды интеллект үшін 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыстан кетуді ұсынды
2 күн бұрын
-
Құпия деректері тарап кеткен: Швеция үкіметі шенеуніктерге ChatGPT мен Claude сервистеріне тыйым салды
2 күн бұрын
-
АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ҰЛЫЛАР ЕЛІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
3 күн бұрын
-
Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді
4 күн бұрын
-
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ МЕДИА: ШЫНАЙЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПТЫ СӨЗ
4 күн бұрын
-
Тіс емдетуге барған үш жасар қыз жансақтау бөліміне түсті
4 күн бұрын
-
Атырауда шенеунік пәтерінен өлі табылды
4 күн бұрын
-
Республика күні қарсаңында Тарбағатайда бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілді
5 күн бұрын
-
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРДЫ ТАБЫСТАДЫ
5 күн бұрын
-
Макрон шеруге шыққандарға қатаң шаралар қолданбақ
5 күн бұрын
-
Тоқаев: Кейбір әлеуметтік жеңілдіктер жымқыру негізінде беріліп жатыр
5 күн бұрын