$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Париж Олимпиадасы: Ұлттық құрама формасының дизайнына конкурс жарияланды

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 1880
Париж Олимпиадасы: Ұлттық құрама формасының дизайнына конкурс жарияланды

Спорт министрлігігіне қарасты «Спортты дамыту дирекциясы» Париж Олимпиадасына аттанатын ұлттық құраманың киім формасы мен оған қосымша керек-жарақ жабдықтардың дизайнына ашық конкурс жариялады.

Киімдер салтанатты рәсімге және жаттығуға арналған жұптан тұрады. Конкурс кезінде келіп түскен жұмыстарды арнайы комиссия құрамы қарап, ортақ шешім қабылдайды.

Жұмыс тобының қатарына Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, Қазақстан спортшылары одағының өкілдері, даңқты спортшыларымыз бен БАҚ қызметкерлері кіреді.

Бұл қатарда Елдос Сметов, Серік Сапиев, Азамат Дәулетбеков, Жәмилә Бақбергенова, Ольга Рыпакова, Әбиба Абужақынова, Анна Алябьева, Нұрбек Оралбай, Нұрсұлтан Тұрсыновты атап өтуге болады. Комиссия төрағасы – Спортты дамыту дирекциясының директоры Ерлан Естек.

Конкурс екі кезеңнен тұрады және әрбір кезең жеңімпазы Ереже шарттарына сәйкес Комиссия отырысында анықталады. Конкурс кезеңдері:

  • I кезеңде комиссия конкурсқа қатысушылар өтініштерін, материалдарын қабылдап, қарайды (28 ақпан 20:00-ден 10 наурыз сағат 18:30 дейін).
  • ІІ кезеңде конкурс жеңімпаздары анықталып, жарияланады (13-15 наурыз аралығы).

Конкурсқа қатысушыларға түсіндіру жұмысына және жалпы конкурс өткізуге ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру комитеті Спортты дамыту дирекциясы мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы Ержан Өмірзақұлы Асқаров жауапты.

Барлық ақпаратты, соның ішінде байқау ережесі, байланыс деректері, ҰОК командасының киім формасына қатысты бірыңғай нұсқаулығын Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтынан (www.kazsports.kz) және әлеуметтік желідегі парақшаларына таба аласыздар.

Соңғы жаңалықтар