$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Оралдағы Жайық өзені әлі де қауіпті деңгейде тұр

Редакция
23 сәуір 2024 02:09 4654
Оралдағы Жайық өзені әлі де қауіпті деңгейде тұр Сурет авторы: ТЖМ

БҚО-дағы "Қазгидромет" филиалының мәліметінше, 23 сәуәрде Орал тұсында Жайық өзенінің деңгейі 864 см-ге жетті. Қауіпті шек – 850 см.

Түнгі сағат 00.00-де Орал қаласы тұсында 865 сантиметрге жеткен еді.

Шаған өзенінің Бәйтерек ауданы Чувашин ауылы тұсында көтерілуі байқалады (744 см, +4, қауіпті деңгейі – 1 300 см). 

Облыстың басқа өзендерінде су деңгейі түскен. 

Орал апталығы" сайтының хабарлауынша, БҚО-дағы Стеновик бау-бақша ұжымынан 585 адам эвакуацияланған.

Соңғы жаңалықтар