$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Оралда Жайық өзенінің деңгейі қауіпті шекке жақындады

Редакция
20 сәуір 2024 09:27 3678
Оралда Жайық өзенінің деңгейі қауіпті шекке жақындады Сурет авторы: Ratel.kz / Акмарал Шаяхметова

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 20 сәуір күнгі сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша, қаладағы гидробекетте су деңгейі 828 сантиметрге жетті. Қауіпті шек – 850 см.

Бәйтерек ауданы Январцев ауылында 899 (+15, қауіпті шегі – 1 250 см), Көшімде 804 (+16, 850 см), Тайпақта 504 (+9) сантиметрді көрсетті.

Сондай-ақ Жайыққа құятын Шаған өзенінің деңгейі Бәйтерек ауданы Чувашин ауылы тұсында 16 сантиметрге көтеріліп,  713 см болды, қауіпті шегі – 1 300 см.

Орал қаласының әкімдігі қазіргі таңда өзен жайылмаларында орналасқан саяжайлардан тұрғындарды көшіру жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар