$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Олимпиада ойындарына билет сатыла бастады

Редакция
18 сәуір 2024 04:23 4341
Олимпиада ойындарына билет сатыла бастады Сурет авторы: olympic.kz

2024 жылғы Олимпиада ойындарына 250 мың билет онлайн сатылымға шықты, деп хабарлайды Qrnews.kz тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап.

Билеттер ат жарысы, жүзу, көркем гимнастика, жағажай волейболы, теннис және үстел теннисі, дзюдо және велоспорт, сондай-ақ жеңіл атлетика сияқты спорт түрлеріне қолжетімді болатыны хабарланды.

Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің айтуынша, билеттер барлық санаттар бойынша қолжетімді болады. Оның үстіне, олардың шамамен жартысы 100 еуродан аз тұрады.

2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарының барлық билеттері ресми платформада сатылатынды. Олимпиада ойындарына билет алғаш рет бүкіл әлемге қолжетімді болып, онлайн сатылып жатыр. Барлығы 10 миллион билет ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар