$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Несиеге алған көлігі суға кеткен қазақстандықтарға көмек көрсетіледі – Қаржы вице-министрі

Редакция
17 сәуір 2024, 08:14
Несиеге алған көлігі суға кеткен қазақстандықтарға көмек көрсетіледі – Қаржы вице-министрі Сурет авторы: видеодан кадр

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Мәжіліс кулуарында айтты несиеге алынған көліктері суға кеткен адамдарға көмек көрсетілетінін айтты.

"Агенттік арқылы бұл мәселелер жеке-жеке қаралатын болады. Барлық мүлік есептеледі. Міндетті түрде зардапты толық есептейтін боламыз. Президент те, үкімет басшысы да уәде берді ғой", – деп жауап берді Біржанов.

Сондай-ақ ол су басқан аймақтардағы несиесі бар тұрғындардың төлем мерзімдері қайта қаралатынын атап өтті.

"Несие төлеу мерзімі өтіп кеткен жағдайда да көмек болады. Қарызды қайта құрылымдау мәселесі қаралып жатыр", – деді вице-министр.

Ол Қаржы министрлігі салық міндеттемелерін 1 шілдеге дейін кейінге қалдыру туралы бұйрықты қабылдағанын да айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар