Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалиция мүшелерімен бірге Ақтөбе облысының жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Дулат Абдраманов
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы мүшелерімен бірге Ақтөбе облысының жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді.
Мемлекеттік кеңесшімен бірге өңірге Жалпыұлттық коалиция мүшелері – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дания Еспаева, Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, Президент Телерадио кешенінің директоры Раушан Қажыбаева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Индира Рыстина, театр және кино актері Асылхан Төлепов, продюсер әрі кәсіпкер Алмас Жали, Uni-Q Group медиахолдингінің бас директоры Мұхамедқали Тауан, «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Аят Сүгірбай барды.
Сапар аясындағы негізгі іс-шара – өңірактивімен өткен кездесу. Оған мыңнан астам адам қатысты. Олардың қатарында өңірдің көрнекті қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің, этномәдени бірлестіктердің, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, бизнес салаларының өкілдері, жас көшбасшылар және өзге де азаматтар бар.
Кездесу Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың баяндамасымен басталды.
Өз кезегінде, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жаңа Конституция жобасын әзірлеу барысына және оның ел болашағы үшін стратегиялық маңызына жан-жақты тоқталды. Ол Жаңа Конституция білім беру, ғылым, инновациялар мен адам капиталын дамыту ісінбасым бағыттар ретінде айқындай отырып, ел дамуына тың серпін беретінін мәлімдеді.
«Жаңа Конституция жобасында адам капиталын, білім беру ісін, ғылым мен инновацияларды дамыту мәселесі негізгі стратегиялық басымдықтар ретінде айқындалды. Осылайша, Жаңа Конституция мемлекет дамуына тың серпін береді», – деді Ерлан Қарин.
Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дания Еспаева бірпалаталы Парламент – Құрылтай құруға қатысты институционалдық өзгерістерді және оның биліктің заң шығарушы тармағын нығайтудағы, меншік құқығы мен ұлттық экономика мүддесі қорғаудағы маңызын түсіндірді.
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевазаматтардың құқығы мен бостандығы кепілін күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және жаңа конституциялық нормаларды тәжірибе жүзінде іске асыру мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ Министр әділет жүйесіндегі тәуелсіз адвокатураның рөлін нығайту мәселесіне тоқталды.
Ақтөбе облысының тумасы, Еңбек Ері Аманғос Төлеуов Жаңа Конституциямазмұнының әлеуметтік бағыты мен адамға негізделген бағдарын атап өтті.
Театр және кино актері Асылхан Төлеповжаңа конституциялық нормалардың мәдениетті, шығармашылық еркіндікті және креативті индустрияны дамытуға қатысты маңызына мән берді.
Сапар аясында «Ақтөбе рельс – арқалық зауыты» кәсіпорнында теміржол саласының қызметкерлерімен кездесу өтті. Әңгімелесу барысында Ерлан Қарин Жаңа Конституция мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағдарын күшейтіп, азаматтардың еңбек құқығын қорғау кепілдіктерін бекіту арқылы еңбек адамының мәртебесін арттыратынын атап өтті.
Кейін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде студенттер қауымымен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Ерлан Қарин Қазақстан тарихының көптомдық академиялық жинағының негізгі жаңашылдықтарына тоқталып, мемлекеттіңтарихи дамуына біртұтас көзқарас қалыптастыру жолындағы отандық ғалымдардың ауқымды әрі тыңғылықтыеңбегіне назар аударды. Ол конституциялық реформа осы тарихи сабақтастықты жалғастыра отырып, мемлекеттілік құндылықтарын бекітетінін және Қазақстанды заманауи, әділетті әрі прогрессивті мемлекет ретінде одан әрі дамытуға құқықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті.
Сонымен қатар өңірдегі креативті сектордың өкілдерімен де кездесу өтті. Aktobe IT Hub алаңында Коалиция мүшелері мәдениетсаласының, ІТ-сектордың және креативті индустрияның өкілдерімен жүздесті. Талқылау барысында адам капиталын дамыту, инновацияны қолдау және Жаңа Конституцияда ғылым, технология және шығармашылық еркіндік басымдықтарын бекіту мәселелері қозғалды.
Өңірге сапар аясында тағы бір маңызды нысан – «Ақтөбе ЖЭО» АҚ. Жалпыұлттық коалиция мүшелері қала өмірінің тұрақтылығы тікелей осы ұжымның жұмысына байланысты екенін ескере отырып, қызметкерлермен кездесті.
Кездесу барысында Ақтөбе облысының тұрғындары Жаңа Конституция жобасы мемлекетті одан әрі жаңғыртуға қажет берік құқықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті.
Барлық кездесу қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының тұрғындары референдумға қатысу елдің алдағы даму бағытын қалыптастыратын маңызды қадам екенін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
-
Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалиция мүшелерімен бірге Ақтөбе облысының жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
7 сағат бұрын
-
Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалиция мүшелерімен бірге Ақтөбе облысының жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
7 сағат бұрын
-
Адами капиталдан киберқауіпсіздікке дейін: жаңа Конституция білім саласына не береді?
9 сағат бұрын
-
Жабық кабинетте емес, елдің көзінше жазылды: Ерлан Қарин жаңа Конституцияны әзірлеудің ерекшелігін атады
11 сағат бұрын
-
Қазақстанда дәрілердің жартысына жуығы арзандады – Денсаулық сақтау министрлігі
11 сағат бұрын
-
ҰБТ-дан репетиторсыз жоғары ұпай алуға бола ма?
11 сағат бұрын
-
Астанадан ұшатындар үшін маңызды өзгеріс: рейстердің уақыты ауысады
12 сағат бұрын
-
BMW 58 мыңнан астам автокөлігін кері қайтарды
12 сағат бұрын
-
«Ресейліктерге бүйрегі бұрды»: Халықаралық конькишілер одағы қазақстандық төрешіге қатысты мәлімдеме жасады
13 сағат бұрын
-
ШҚО әкімі Сурдлимпиада чемпионына пәтер сыйлады
14 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін eGov арқылы онлайн ауыстыра алады
15 сағат бұрын
-
50 жылдық тыйымға қарамастан: Нұрлан Сабуров Ресейге қайтқысы келетінін айтты
17 сағат бұрын
-
Алматыда курьерлердің қыз-келіншектерге тиісу фактілерінен кейін жеткізу сервистеріне талап күшейтіледі
17 сағат бұрын
-
Onay қала ма, әлде Avtobys па? Әкімдіктің ресми жауабы
17 сағат бұрын
-
Астана LRT: Әуежайдан вокзалға дейінгі жол жүру уақыты белгілі болды
18 сағат бұрын
-
Павел Дуров Қазақстанға келсе, Ресейге беріле ме?
1 күн бұрын
-
Респонденттердің 86,5%-ы Жаңа Конституция жобасын қолдайды
1 күн бұрын
-
"Әлем Денис Теннің жолын жалғастыратын жастардың бар екеніне куә болды": Тоқаев Шайдоровты марапаттады
1 күн бұрын
-
СҚО тұрғыны Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін сотталды
1 күн бұрын
-
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
1 күн бұрын
-
Депутаттар қазақстандық элитаның Эпштейнмен ықтимал байланыстарын тексеруді сұрады
1 күн бұрын
-
Астаналық кәсіпкерлердің мәселелері неге шешілмейді?
1 күн бұрын
-
Енді мұғалімдер сабақтан тыс уақытта оқушылар үшін жауап бермейді
1 күн бұрын
-
Жерді сату, «суперпрезидент», медицинаның жойылуы: Конституция жобасы туралы не нәрсе фейк болып шықты?
1 күн бұрын
-
13,5 млрд теңге қайда кетті? Қаржы министрлігінің бұрынғы топ-менеджері қамауға алынды
1 күн бұрын
-
«Қазақстан мұнайына тиіспеңдер!»: АҚШ Украинаға ресми ескерту жасады
1 күн бұрын
-
Түркияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш мерт болды
1 күн бұрын
-
8 наурызға тарту: Ұлытауда көпбалалы аналарға 20 мың теңгеден беріледі
1 күн бұрын
-
Алматы полицейлері алаяқтардың жаңа психологиялық айла-тәсілдері туралы ескертеді
1 күн бұрын
-
Қазақстанда сотталғандарға смартфон пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Лувр директоры ірі ұрлық пен жемқорлық дауынан кейін қызметінен кетті
1 күн бұрын
-
Жұмыс істеуден бас тартқан түлектен 1,7 млн теңге өндірілді
1 күн бұрын
-
Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкинаға пәтер берілді (ВИДЕО)
1 күн бұрын
-
Электромобильдерді тегін әкелу тоқтатылды: Енді қанша төлейміз?
2 күн бұрын
-
Lufthansa әуе компаниясы Қазақстанға рейстерін қайта бастайды
2 күн бұрын
-
Биыл оңтүстікте су тапшы болуы мүмкін
2 күн бұрын
-
Тұрғын үй кезегінде тұрғандар назарына: 2 наурыздан бастап «Отбасы банк» ережелерді өзгертеді
2 күн бұрын
-
Ресейде бірнеше елдің азаматтарын соғысқа тартуға тыйым салынды
2 күн бұрын
-
Тоқаев референдумды ашық әрі заң аясында өткізуді тапсырды
2 күн бұрын
-
Түркістан облысында оқушыны жүкті еткен 70 жастағы зейнеткер сотталды
2 күн бұрын
-
Неге қазақстандықтар шетелдік ірімшікті таңдайды? Министрдің жауабы
2 күн бұрын
-
Рамазан айында пойыздардағы мейрамхана вагондарының жұмыс уақыты өзгерді
2 күн бұрын
-
Футболдан әлем чемпионаты: матчтар 2,5 сағатқа дейін созылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
Бидай алқаптары қысқарады: 2026 жылы қандай дақылдарға басымдық беріледі?
2 күн бұрын
-
Украинаға соғыстан кейінгі қалпына келтіру үшін 588 млрд доллар қажет болады
2 күн бұрын
-
АҚШ шығыс жағалауында рекордтық қар жауып, 5 мыңнан астам рейс тоқтатылды
2 күн бұрын
-
Мұнай алпауыттары Қазақстан салған 5 млрд доллар айыппұлды халықаралық арбитражда дауламақ
2 күн бұрын
-
Қазақстанда шетелден әкелінген телефондар бұғатталып жатыр
2 күн бұрын
-
Сенатор Бибігүл Жексенбай этномәдени бірлестіктермен кездесті
2 күн бұрын
-
Қазір салынып жатқан үйлер 10–15 жылда жаппай тозуы мүмкін – сарапшы
2 күн бұрын