$ 501.26 € 590.38 ₽ 6.54

Павел Дуров Қазақстанға келсе, Ресейге беріле ме?

Абдрахманов Мағжан
25 ақпан 2026, 16:42
Павел Дуров Қазақстанға келсе, Ресейге беріле ме? Сурет авторы: Ақорда

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтен Павел Дуровтың Қазақстанға келуі қауіпсіз бе және Ресей тарапынан сұрау түссе, оны беру мүмкін бе деген сұрақ қойылды.

Әділовтің айтуынша, Қазақстанда Дуровқа қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалған жоқ.

– Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігінің өндірісінде Павел Дуровқа қатысты материалдар жоқ. Ресей тарапынан да ресми өтініштер түскен жоқ, – деді ол.

Сондай-ақ министр орынбасары шетелдік құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау мәселесі Бас прокуратураның құзыретіне кіретінін атап өтті.

Айта кетейік, Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров өзінің telegram-арнасында Ресей билігі оған терроризмге жәрдемдесу бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын жазды. 24 ақпанда бұл туралы ФСБ материалдарына сілтеме жасап «Российская газета» мен «Комсомольская правда» басылымдары хабарлаған. Кремль бұл ақпаратты жоққа шығарған жоқ, алайда құқық қорғау органдары әзірге ресми түсініктеме бермеді.

Соңғы жаңалықтар