$ 501.26 € 590.38 ₽ 6.54

Түркияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш мерт болды

Редакция
25 ақпан 2026, 10:27
Түркияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш мерт болды Сурет авторы: Miraç Kaya/AA

Түркияның Балыкесир қаласында жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде әскери-әуе күштеріне тиесілі жойғыш ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Анадолы агенттігі. 9-шы негізгі реактивті әуе базасынан көкке көтерілген F-16 Fighting Falcon әуе кемесінің құлағаны туралы ақпаратты Балыкесир губернаторы Исмаил Устаоглу растады.

Ресми мәліметтерге сәйкес, ұшақпен байланыс түнгі сағат 00:56-да кенеттен үзілген. Жедел жүргізілген іздеу-құтқару шараларының нәтижесінде әуе кемесінің сынықтары Измир – Стамбул тас жолының Наипли учаскесі маңынан табылды. Қайғылы оқиға салдарынан ұшқыш қаза тапты. Апат болған аймақтағы көлік қозғалысы қауіпсіздік мақсатында уақытша тоқтатылды.

Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын хабарлады. Қазіргі уақытта мамандар техникалық тергеу жұмыстарын бастап кетті. Елдің Әділет және Ішкі істер министрліктері қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына ресми түрде көңіл айтып, тергеу барысы мемлекет бақылауында болатынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар