Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалиция мүшелерімен бірге Ақтөбе облысының жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Дулат Абдраманов
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы мүшелерімен бірге Ақтөбе облысының жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді.
Мемлекеттік кеңесшімен бірге өңірге Жалпыұлттық коалиция мүшелері – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дания Еспаева, Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, Президент Телерадио кешенінің директоры Раушан Қажыбаева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Индира Рыстина, театр және кино актері Асылхан Төлепов, продюсер әрі кәсіпкер Алмас Жали, Uni-Q Group медиахолдингінің бас директоры Мұхамедқали Тауан, «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Аят Сүгірбай барды.
Сапар аясындағы негізгі іс-шара – өңірактивімен өткен кездесу. Оған мыңнан астам адам қатысты. Олардың қатарында өңірдің көрнекті қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің, этномәдени бірлестіктердің, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, бизнес салаларының өкілдері, жас көшбасшылар және өзге де азаматтар бар.
Кездесу Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың баяндамасымен басталды.
Өз кезегінде, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жаңа Конституция жобасын әзірлеу барысына және оның ел болашағы үшін стратегиялық маңызына жан-жақты тоқталды. Ол Жаңа Конституция білім беру, ғылым, инновациялар мен адам капиталын дамыту ісінбасым бағыттар ретінде айқындай отырып, ел дамуына тың серпін беретінін мәлімдеді.
«Жаңа Конституция жобасында адам капиталын, білім беру ісін, ғылым мен инновацияларды дамыту мәселесі негізгі стратегиялық басымдықтар ретінде айқындалды. Осылайша, Жаңа Конституция мемлекет дамуына тың серпін береді», – деді Ерлан Қарин.
Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дания Еспаева бірпалаталы Парламент – Құрылтай құруға қатысты институционалдық өзгерістерді және оның биліктің заң шығарушы тармағын нығайтудағы, меншік құқығы мен ұлттық экономика мүддесі қорғаудағы маңызын түсіндірді.
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевазаматтардың құқығы мен бостандығы кепілін күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және жаңа конституциялық нормаларды тәжірибе жүзінде іске асыру мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ Министр әділет жүйесіндегі тәуелсіз адвокатураның рөлін нығайту мәселесіне тоқталды.
Ақтөбе облысының тумасы, Еңбек Ері Аманғос Төлеуов Жаңа Конституциямазмұнының әлеуметтік бағыты мен адамға негізделген бағдарын атап өтті.
Театр және кино актері Асылхан Төлеповжаңа конституциялық нормалардың мәдениетті, шығармашылық еркіндікті және креативті индустрияны дамытуға қатысты маңызына мән берді.
Сапар аясында «Ақтөбе рельс – арқалық зауыты» кәсіпорнында теміржол саласының қызметкерлерімен кездесу өтті. Әңгімелесу барысында Ерлан Қарин Жаңа Конституция мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағдарын күшейтіп, азаматтардың еңбек құқығын қорғау кепілдіктерін бекіту арқылы еңбек адамының мәртебесін арттыратынын атап өтті.
Кейін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде студенттер қауымымен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Ерлан Қарин Қазақстан тарихының көптомдық академиялық жинағының негізгі жаңашылдықтарына тоқталып, мемлекеттіңтарихи дамуына біртұтас көзқарас қалыптастыру жолындағы отандық ғалымдардың ауқымды әрі тыңғылықтыеңбегіне назар аударды. Ол конституциялық реформа осы тарихи сабақтастықты жалғастыра отырып, мемлекеттілік құндылықтарын бекітетінін және Қазақстанды заманауи, әділетті әрі прогрессивті мемлекет ретінде одан әрі дамытуға құқықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті.
Сонымен қатар өңірдегі креативті сектордың өкілдерімен де кездесу өтті. Aktobe IT Hub алаңында Коалиция мүшелері мәдениетсаласының, ІТ-сектордың және креативті индустрияның өкілдерімен жүздесті. Талқылау барысында адам капиталын дамыту, инновацияны қолдау және Жаңа Конституцияда ғылым, технология және шығармашылық еркіндік басымдықтарын бекіту мәселелері қозғалды.
Өңірге сапар аясында тағы бір маңызды нысан – «Ақтөбе ЖЭО» АҚ. Жалпыұлттық коалиция мүшелері қала өмірінің тұрақтылығы тікелей осы ұжымның жұмысына байланысты екенін ескере отырып, қызметкерлермен кездесті.
Кездесу барысында Ақтөбе облысының тұрғындары Жаңа Конституция жобасы мемлекетті одан әрі жаңғыртуға қажет берік құқықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті.
Барлық кездесу қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының тұрғындары референдумға қатысу елдің алдағы даму бағытын қалыптастыратын маңызды қадам екенін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
-
Жылуды қашан қосады: Қай өңірлерге ерте берілетіні белгілі болды
20 минут бұрын
-
Американың жетекші БАҚ өкілдері Дональд Трампты сотқа берді
37 минут бұрын
-
АҚШ Иранмен қақтығыс біткен соң Таяу Шығысты қалпына келтіруге 5 млрд доллар бөлуі мүмкін
43 минут бұрын
-
WBC чемпионы Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырып, бұрынғы допинг дауын есіне салды
54 минут бұрын
-
Зеленский Ресейдің энергетика нысандарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады
55 минут бұрын
-
АҚШ-тағы қымбатшылық Трамптың рейтингін рекордтық 32 пайызға түсірді
1 сағат бұрын
-
Степногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды
1 сағат бұрын
-
Жаңбыр, найзағай және +32 градус: 22 қыркүйекте күн райы қандай болады
1 сағат бұрын
-
SDU UNIVERSITY-ДЕ ПРОРЕКТОР АУЫСТЫ
14 сағат бұрын
-
Қазақстандықтарға террористік қауіп туралы SMS хабарламалар жіберіледі
17 сағат бұрын
-
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды
17 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинмен алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады
18 сағат бұрын
-
АҚШ жасырын түрде 25 мыңнан астам мигрантты үшінші елдерге депортациялаған
18 сағат бұрын
-
Граффити салғандар жауапқа тартылуы мүмкін: Үкімет заңды өзгертпек
19 сағат бұрын
-
Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасын Ресейге жібереді
19 сағат бұрын
-
Жоғары технологиялық ортопедиялық операциялар енді өңірлерде де тегін жасалуда
19 сағат бұрын
-
Асель Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
20 сағат бұрын
-
Шығыс Қазақстанның Польшаға экспорты 17 пайызға өсті
21 сағат бұрын
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
22 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
22 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
1 күн бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
1 күн бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
1 күн бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
1 күн бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
2 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
2 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
3 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
3 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
3 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
3 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
3 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
3 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
4 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
4 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
4 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
5 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
5 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
6 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
6 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
6 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
6 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
6 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
6 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
6 күн бұрын