$ 496.85 € 585.54 ₽ 6.49

Рамазан айында пойыздардағы мейрамхана вагондарының жұмыс уақыты өзгерді

Абдрахманов Мағжан
24 ақпан 2026, 12:13
Рамазан айында пойыздардағы мейрамхана вагондарының жұмыс уақыты өзгерді Сурет авторы: "Жолаушылар тасымалы" АҚ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ шамамен 40 пойыздағы мейрамхана вагондарының жұмыс кестесін уақытша өзгертті. Компанияның мәліметінше, қасиетті Рамазан айында вагон-мейрамханалар сағат 8:00-ден 24:00-ге дейін, сондай-ақ сәресі уақытында 4:00-ден 5:00-ге дейін ашық болады.

Жолаушыларға арнайы мәзірлер ұсынылады. Компания өкілдерінің хабарлауынша, ауызашар кезінде пойыз мейрамханаларында жолаушыларға су мен құрма тегін беріледі. Сонымен қатар ауызашар уақытында алкоголь өнімдері сатылмайды.

Еске салайық, Қазақстанда Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 29 күнге созылады. Қадір түні 16-нан 17 наурызға қараған түні аталып өтеді, ал Ораза айт 20 наурызға белгіленген.

Соңғы жаңалықтар