$ 501.26 € 590.38 ₽ 6.54

8 наурызға тарту: Ұлытауда көпбалалы аналарға 20 мың теңгеден беріледі

Редакция
25 ақпан 2026, 10:17
8 наурызға тарту: Ұлытауда көпбалалы аналарға 20 мың теңгеден беріледі Сурет авторы: Kyn.kz

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлытау облысында көпбалалы аналарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген қағидаларға сәйкес, бұл мақсатқа бюджеттен 188 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді, деп хабарлайды BAQ.kz.

 Әлеуметтік төлемдер «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, бұрын «Батыр ана» атағын алғандарға, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған әйелдерге тағайындалады.

Жалпы алғанда, облыс бойынша аталған санаттарға жататын 9 375 ананың әрқайсысына 20 000 теңгеден аударылады. Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта төлемдерді жүзеге асыру үшін 187,5 млн теңге толықтай бағытталған. Айта кетейік, облыс халқының 50,7 пайызын әйелдер қауымы құрайды. Жергілікті билік өкілдері аналарды қолдау мен олардың қоғамдағы рөлін арттыру өңірдің әлеуметтік саясатындағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар