$ 501.75 € 591.96 ₽ 6.52

Қазақстанда дәрілердің жартысына жуығы арзандады – Денсаулық сақтау министрлігі

Абдрахманов Мағжан
26 ақпан 2026, 16:42
Қазақстанда дәрілердің жартысына жуығы арзандады – Денсаулық сақтау министрлігі Сурет авторы: gov.kz

Әлеуметтік желілерде дәрілік заттардың бағасы жаппай қымбаттады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің сараптама орталығы хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, керісінше, республика бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесінде дәрілердің 50 пайызының бағасы төмендегені анықталған. Зерттеу 2025 жылдың қазан айында 20 өңірде жүргізіліп, маусым айындағы көрсеткіштермен салыстырылған.

Әсіресе бес препараттың бағасы айтарлықтай арзандаған: «Хеель», «Ревмоксикам», «Цефяпс», «ВАЛМАК-Н» және «Зитмак». Бұл дәрілердің құны 20–40 пайызға дейін төмендеген. Суық тию маусымында жиі қолданылатын «Цефяпс» пен «Зитмак» антибиотиктері тыныс жолдарының инфекцияларын емдеуге пайдаланылады.

Комитет өкілдері дәрілердің шекті бағасынан асып кету фактілері анықталған жағдайда мобильді DariKZ қосымшасы арқылы немесе өңірлік департаменттерге жүгіну керектігін еске салды.

Сонымен қатар рұқсат етілген бағадан жоғары сатылған дәрілер үшін айыппұл қарастырылғаны атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар