СҚО тұрғыны Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін сотталды
Сурет авторы: Евгений Люфттің Instagram парақшасынан
Солтүстік Қазақстан облысында Бугровое ауылының тұрғынына шетелдегі қарулы қақтығысқа қатысқаны үшін үкім шығарылды. Сот қаулысы Сот кабинеті порталында жарияланған.
Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың ақпан айының басында ер адам Ресейге жұмыс іздеп барған. Мәскеуде пойыз ауыстыруды күтіп жүргенде соғысқа еріктілерді тартумен айналысқан адамдармен танысқан. Кейін Новый Уренгой қаласына барып, Ресейдің қарулы күштеріне ерікті түрде қосылған. Волонтерлер оны Нижний Новгородқа жеткізіп, құжаттарын рәсімдеген. Ақпан айының ортасында ол Ресей Қорғаныс министрлігімен бір жылдық келісімшартқа отырып, шабуылшы-сапер ретінде қызмет атқарған.
Ростов облысындағы оқу орнында дайындықтан өткеннен кейін ол Луганскке, одан әрі Бахмут қаласына жіберілген. Сот қаулысында 2025 жылғы 30 сәуірде Клещеевка елді мекені маңында жауынгерлік тапсырма орындау кезінде миналы-жарылыс жарақатын алғаны көрсетілген. 1–5 мамыр аралығында госпитальда емделіп, кейін жарақатына байланысты демалыс алған. Шілде айының басында ол әскери бөлімді өз бетінше тастап, Қазақстанға оралған.
Сотталушы қарулы қақтығысқа қатысқанын жоққа шығармаған. Қорғаушысы оның бала кезінен жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі болғанын алға тартқанымен, сот оның диспансерлік есепте тұрмағанын анықтады. Сараптама қорытындысы интеллектуалдық деңгейінде тек жеңіл төмендеу бар екенін көрсетті.
Сот ер адамды 6 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Сонымен қатар 1 071 теңге көлеміндегі сараптама шығындарын және Жәбірленушілерге өтемақы қорына 78 640 теңге төлеуге міндеттелді.
Соңғы жаңалықтар
-
Қара теңізде тағы бір мұнай танкеріне дрон шабуылдады
10 сағат бұрын
-
Денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығын жоюдың жаңа жүйесі әзірленді
13 сағат бұрын
-
2026 жылдан бастап зейнетақы жинағын жеке компанияларға толық беруге болады: не білу керек?
13 сағат бұрын
-
Грузиядан басқарылған 7,5 миллиард теңгелік онлайн-казиноның қызметі тоқтатылды
14 сағат бұрын
-
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды
14 сағат бұрын
-
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
15 сағат бұрын
-
Испания — 2026 жылғы әлем чемпионы
19 сағат бұрын
-
Қазақстан Қара теңіздегі мұнай таситын кемелерге жасалған шабуылды айыптады
1 күн бұрын
-
Испания – Аргентина: әлем чемпионатының финалынан не күтеміз?
1 күн бұрын
-
Канье Уэст концертіне билет сату уақыты кейінге шегерілді
1 күн бұрын
-
Украина дрондары КҚК терминалына шабуыл жасап, қазақстандық мұнай тиелген танкерлерге соққы берді
1 күн бұрын
-
Үш күннен бір күнге дейін: Қазақстан ҰҚШҰ әскерін шұғыл кіргізу туралы хаттаманы бекітті
1 күн бұрын
-
Түркістан облысында нашақорлар мен психикалық ауытқуы бар адамдарға жүргізуші куәлігін берген
2 күн бұрын
-
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
2 күн бұрын
-
Украина дрондары Ресейдегі Wildberries қоймаларына соққы жасады (ВИДЕО)
2 күн бұрын
-
Франция мен Англия әлем чемпионатының қола жүлдесін сарапқа салады
2 күн бұрын
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көбейтұз көлін қорғау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қытайға жарысқа барған қазақстандық волейболшылар көшеде қалды
3 күн бұрын
-
Футболдан әлем кубогының жеңімпаздары алтын сақинамен марапатталады
3 күн бұрын
-
Америкалық танымал рэпер Канье Уэст Алматыда концерт береді
3 күн бұрын
-
Ұлытау облысының әкімі тағайындалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда қандай азық-түлік бағасы арзандағаны белгілі болды
3 күн бұрын
-
Бірыңғай QR жүйесі: қазақстандықтар үшін не өзгереді
3 күн бұрын
-
Алдағы демалыс күндері еліміздің өңірлерінде қандай ауа райы күтіледі?
3 күн бұрын
-
Түркістан облысында жол апатынан жеті адам көз жұмды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда Құрылтайдағы әйелдердің рөлін күшейту мәселесі көтерілді
3 күн бұрын
-
Кімдер ақылы жолмен тегін жүре алады
3 күн бұрын
-
Қазақстанда денсаулық сақтау саласына қатысты шағымдар саны 44%-ға артты
3 күн бұрын
-
Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
3 күн бұрын
-
Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды
3 күн бұрын
-
Air Astana Дубайға рейстерді қайта тоқтатады
4 күн бұрын
-
Тоқаев Қытайға тауарларды интернет жылдамдығымен жеткізуді ұсынды
4 күн бұрын
-
Месси төрешілердің көмегі туралы қауесеттерге жауап берді
4 күн бұрын
-
Қазақстанға Қашаған бойынша 2,3 трлн теңге айыппұлды өндіріп алуға уақытша тыйым салынды
4 күн бұрын
-
Экономиканың жаңа тынысы: Түркістанда 5 миллиардтық зауыт іске қосылды
4 күн бұрын
-
Астанада тандырханада жарылыс болды: Зардап шеккендер бар
4 күн бұрын
-
Қазақстаннан 71 мың литрден астам жанармайды заңсыз шығармақ болған
4 күн бұрын
-
Босқа уақыт жоғалту емес, өмірді ұзарту: Кино мен театрға бару денсаулыққа қалай әсер етеді
4 күн бұрын
-
Астана мен Арқалық арасында жаңа пойыз бағыты іске қосылады: толық кесте және билет құны
4 күн бұрын
-
Дипломын жұрт алдында жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды
4 күн бұрын
-
Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыртуымен Қытайға барды
4 күн бұрын
-
69 баланың өмірі қиылды: Судағы демалыс қайғылы жағдайға ұласып жатыр
4 күн бұрын
-
Марадона ізімен: Месси бастаған Аргентина қатарынан екінші рет финалға шықты
4 күн бұрын
-
Астанадағы қонақүйлердің бірінен нәрестенің денесі табылды
5 күн бұрын
-
Килиан Мбаппе Франция құрамасының тактикасын сынға алды
5 күн бұрын
-
Алматы – Қаскелең тасжолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі
5 күн бұрын
-
Қазақстандықтар қатерлі ісікке тегін тексеріле алады
5 күн бұрын
-
Қазақстанның оңтүстігінде 46 градусқа дейін ыстық күтіледі
5 күн бұрын
-
Былтыр бюджетке 730 млрд теңге салық түспей қалды
5 күн бұрын
-
Қатерлі ісіктің алғашқы белгілері: Онкологтар атаған 7 қауіпті симптом
5 күн бұрын