$ 496.85 € 585.54 ₽ 6.49

Электромобильдерді тегін әкелу тоқтатылды: Енді қанша төлейміз?

Абдрахманов Мағжан
24 ақпан 2026, 16:56
Электромобильдерді тегін әкелу тоқтатылды: Енді қанша төлейміз? Сурет авторы: unsplash

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің саудаға жатпайтын айналым басқармасының бас сарапшысы Медет Меделбайдың айтуынша, жеке тұлғалар үшін электромобильдерді бажсыз әкелу кезеңі аяқталды. Бұған дейін қазақстандықтар Еуразиялық экономикалық комиссия бөлген квота аясында жылына бір рет электромобильді кедендік төлемсіз кіргізе алатын.

Сарапшының мәліметінше, 2022 жылы 10 мың көлікке квота бөлінсе, 2023–2025 жылдары жыл сайын 15 мың бірліктен қарастырылған. Бұл жеңілдік Еуразиялық экономикалық комиссия шешімімен тоқтатылды. Енді барлық импорттаушы үшін кедендік рәсімдеу міндетті.

Жеке тұлғаларға көлікті заңдастырудың үш тетігі ұсынылады.

Бірінші нұсқа – тек Қазақстан аумағында пайдалануға арналған тәртіп. Мұнда 6 айлық есептік көрсеткіш көлемінде алым және 16% қосылған құн салығы төленеді, алайда көлікті ЕАЭО елдеріне сатуға немесе шығаруға болмайды.

Екінші нұсқа – толық кедендік бажды 15% және 16% ҚҚС төлеу. Бұл жағдайда автокөлік Одақ аумағында еркін сатылып, тіркеле алады.

Үшінші жол – жолаушы декларациясы арқылы құнының 31%-ы мөлшерінде бірыңғай төлем жасау.

Бұрынғыдай «бір адам – жылына бір көлік» қағидасы сақталады.

Соңғы жаңалықтар