$ 496.85 € 585.54 ₽ 6.49

Биыл оңтүстікте су тапшы болуы мүмкін

Абдрахманов Мағжан
24 ақпан 2026, 16:05
Биыл оңтүстікте су тапшы болуы мүмкін Сурет авторы: topwar.ru

Су ресурстары және ирригация министрлігі бейімдеп жатқан Talsim-NG моделінің болжамына сәйкес, 2026 жылғы вегетациялық кезеңде Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде су жетіспеуі ықтимал.

Министр Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, Сырдария мен Талас өзендері бассейндерінде су көлемі көпжылдық орташа деңгейден төмен болады деп күтіліп отыр. Іле мен Шу өзендерінде жағдай салыстырмалы түрде тұрақты болғанымен, су ағыны біркелкі емес. Бұған 2025 жылы жауын-шашын мөлшерінің аз болуы және таулы аймақтардағы ылғал қорының төмендігі себеп.

Су тапшылығы ең алдымен Түркістан облысындағы Мақтаарал мен Жетісай аудандарына әсер етуі мүмкін. Себебі Қырғызстандағы Тоқтоғұл су қоймасындағы су көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,5 текше шақырымға азайған. Бұл «Достық» каналы арқылы келетін су көлеміне ықпал етуі ықтимал.

Жамбыл облысы үшін маңызды Киров су қоймасындағы жағдай да алаңдатарлық. Қазіргі көлемі 314 млн текше метрді құрайды, бұл былтырғыдан шамамен 1,5 есе төмен. Министрлік өңірлермен бірлесіп су үнемдеу шараларын күшейтуге дайындық жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар