$ 496.85 € 585.54 ₽ 6.49

Тұрғын үй кезегінде тұрғандар назарына: 2 наурыздан бастап «Отбасы банк» ережелерді өзгертеді

Редакция
24 ақпан 2026, 15:15
Тұрғын үй кезегінде тұрғандар назарына: 2 наурыздан бастап «Отбасы банк» ережелерді өзгертеді Сурет авторы: finratings.kz

2 наурыздан бастап «Отбасы банк» баспана кезегінде тұрған азаматтарға пәтерлер мен жеңілдетілген қарыздарды тек міндетті инвентаризациядан өткеннен кейін ғана бөледі. Бұл туралы қаржы институтының баспасөз қызметі хабарлады.

Инвентаризация - кезекте тұрған адам туралы мәліметтердің өзектілігін тексеру процесі. Оның аясында мынадай деректер қайта қаралады:

  • Отбасы құрамы;
  • Жеңілдік санаты;
  • Меншігінде баспананың бар-жоғы.

Рәсімнен өту үшін мамандандырылған порталда дербес деректерді өңдеуге келісім беріп, қол қою қажет.Егер азамат инвентаризациядан өтпесе, ол мұқтаждар тізімінен шығарылмайды. Алайда тексеру аяқталғанға дейін банк оған мынадай қызметтерді ұсына алмайды:

  • Жалға берілетін баспананы бөлу;
  • 2% және 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген заем беру.

Бұған дейін банк жұмысты жеделдету үшін пәтерлерді алдын ала бөліп, тексеруді кейін жүргізетін уақытша тәртіпті қолданған. Бірақ бұл тәжірибе бірқатар қиындықтар тудырды.

«Тексеру кезінде кезекте тұрған адамның бұрын баспана сатып алғаны немесе отбасы құрамының өзгеруіне (бала санының артуына) байланысты бөлінген пәтердің тарлық ететіні анықталған жағдайлар болды. Мұндай кезде бүкіл процесті қайта бастауға тура келіп, уақыт жоғалды», - деп түсіндірді банк өкілдері.

Қазіргі таңда облыс әкімдіктері банкке 13 393 пәтерді (8846-сы жалға берілетін, 4547-сі кредиттік) өткізді. Осы уақытқа дейін 4216 отбасы жаңа қонысқа ие болды. 24 ақпандағы мәлімет бойынша, 257 мың адам инвентаризациядан сәтті өткен.

Соңғы жаңалықтар