$ 501.26 € 590.38 ₽ 6.54

Жұмыс істеуден бас тартқан түлектен 1,7 млн теңге өндірілді

Редакция
25 ақпан 2026, 09:26
Жұмыс істеуден бас тартқан түлектен 1,7 млн теңге өндірілді Сурет авторы: Ақмешіт апталығы

Жамбыл облысының Талас аудандық соты Астана қаласының Білім басқармасының жергілікті бюджет есебінен білім алған түлекке қарсы талап арызын қарады.

2018 жылы жасалған келісімшартқа сәйкес, грант негізінде оқыған студент жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін жергілікті атқарушы органдардың жолдамасымен кемінде 3 жыл жұмыс істеуге немесе оқуға жұмсалған қаражатты қайтаруға міндеттелген болатын.

Жауапкер 2025 жылы «География» мамандығы бойынша оқуын бітірген, алайда белгіленген бағыт бойынша жұмысқа шықпаған. Оның оқуына бюджеттен барлығы 4,6 млн теңге бөлінген. Алайда талап қоюшы тек оқу ақысын - шәкіртақыны есептемегенде 1,7 млн теңгені өндіруді сұрады.

Сот талап арызды заңды деп танып, түлектен 1,7 млн теңге көлеміндегі қарызды және мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы шешім шығарды.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар