$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Күндіз көлік шамын жақпаған жүргізушілер айыппұл төлемейді

Редакция
18 сәуір 2024 03:23 3455
Күндіз көлік шамын жақпаған жүргізушілер айыппұл төлемейді Сурет авторы: Дзен/ Авилон

Елімізде қала ішінде күндіз жарық шамдарын жақпағаны үшін жүргізушілерге салынатын айыппұлды алып тастауды ұсынып отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева мәлімдеді.

Мәжілістің жалпы отырысында одан айыппұлды алып тастаудың себебін сұрады.

"Жүргізушілердің үлкен наразылығын тудырған бір мәселе болды. Яғни, осы уақытқа дейін қалада күндізгі уақытта жарықты қосуға қатысты кейбір негіздемелер айтылды. Барлығын осылай жасауға міндеттелді, ал қоспағандарға айыппұл салынды. Енді бұл айыппұлдарды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен алып тастау ұсынылып отыр. Бұл шешімнің себебі неде?" – деп сауал қойды мәжілісмен Нартай Аралбайұлы.

Екатерина Смышляеваның айтуынша, қала ішінде күндізгі жарықтандыру – халықаралық құқықтың талабы. Халықаралық стандарттарға сәйкес, бұл шара күндізгі уақытта көліктердің көрінуін арттыру және олардың өлшемдерін бағалау үшін қажет. Бұл жол қауіпсіздігін жақсарту үшін қажет деп есептелінеді.

"Біздің ұсынысымызға келер болсақ, біз бұл норманың орындалуын талдап, негізінен екі нұсқа бар екенін көрдік - ескерту жасау және айыппұл салу. Ескертулер өте жиі жасалады, ал айыппұлдар өте сирек жағдайларда ғана, шамамен 10% жағдайда салынады. Сондықтан, тиісінше, бұл жағдайда ескерту жасау жеткілікті. Бірақ бұл тек қала ішіне қатысты, трассада бәрі бұрынғыдай», – деді депутат.

Соңғы жаңалықтар