$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Құлсарыда тасқыннан зардап шеккендерге өтемақы төлеу үшін құжат қабылдау басталды

Редакция
18 сәуір 2024 08:31 2854
Құлсарыда тасқыннан зардап шеккендерге өтемақы төлеу үшін құжат қабылдау басталды Сурет авторы: gov.kz

Құлсарыда тасқыннан зардап шеккендерге өтемақы төлеу үшін құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды Qrnews.kz тілшісі 24kz-ке сілтеме жасап.

Суға кеткен ықшам аудандар бойынша құжат тапсыратын 4 пункт дайындалды.

"Қазір тұрғындар өтініш беріп жатыр. Өтініштерді комиссия қарап, бағалау компанияларына жібереді. Олар 10 күн ішінде бағалайды деп отырмыз", – деді Жылыой аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Жүсіпова.

Аудандық әкімдіктің хабарлауынша, қазір суға кеткен кәсіпкерлік нысандарды тіркеу басталған. Қазір 100-ге жуық кәсіпкерлік нысан анықталған.

Соңғы жаңалықтар