$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Қостанай облысында қырылған мал үшін 113 млн теңге өтемақы берілді

Редакция
25 сәуір 2024 08:29 4549
Қостанай облысында қырылған мал үшін 113 млн теңге өтемақы берілді Сурет авторы: ТЖМ

Қостанай облысында 981 бас мал суға кеткен. Бүгінде соның 780-інің бағалау есебі дайындалып, иелеріне 113 млн теңгеден астам қаражат төленді. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Бекет мәлімдеді.

Оның айтуынша, төлемдер ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген су тасқынынан шығын болған ауыл шаруашылығы жануарларының құнын өтеу жөніндегі алгоритмге сәйкес жүзеге асырылады. Алгоритмге сәйкес, мал өлексесінің бар-жоғына, құлағындағы сырғаның бар-жоғына қарамастан, «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» базасында тіркелген болса, өтемақы төленеді.

«Малдардың кімге тиесілі екенін анықтау қажет болған жағдайда, 3 куәгерді тарта отырып, ауыл шаруашылығы жануарының су тасқынынан болғаны туралы комиссиялық акті, сондай-ақ утилизация туралы акті жасалады. Мал өлексесі бар болып, бірақ құлағында сырғасы болмаса немесе мал өлексесі табылмаса, қайда екені белгісіз болса және «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» базасында тіркелмеген болса, өтемақы басқа қаржы көздерінен қамтамасыз етіледі», – деді Бауыржан Бекет.

Соңғы жаңалықтар