$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Редакция
27 сәуір 2024 01:13 2357
Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

27 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады. Тек Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 27 сәуір, сенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Үш қаладағы қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар