$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Қазақстандықтар жылқы етін тұтынудан 13 жылдық рекордты жаңартты

Редакция
31 наурыз 2024, 05:24
Қазақстандықтар жылқы етін тұтынудан 13 жылдық рекордты жаңартты

Қазақстандықтар 2023 жылы жылқы етін тұтыну бойынша 13 жылдық рекордты жаңартты. Бұл туралы Бірінші несиелік бюроның деректер хабы хабарлады.

Былтыр соңғы үш айда Қазақстанда жылқы етін жан басына шаққандағы орташа тұтыну 1,97 кг құраған, бұл – 2011 жылдың басынан бері кез келген тоқсандағы қолда бар статистиканың барлық кезеңіндегі ең жоғары көрсеткіш.

2022 жылдың төртінші тоқсанында бұл көрсеткіш 5%-ға өсті. Мысалы, он жыл бұрын қазан-желтоқсан айлары аралығында жылқы етін тұтыну бірден 81%-ға өскен. Кейінгі жылдары жылқы етін тұтыну өсу тенденциясын көрсетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар