$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Қазақстандықтар өтірік мұқтаждар мен науқастарға 2 млрд теңге жинап берген

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 3698
Қазақстандықтар өтірік мұқтаждар мен науқастарға 2 млрд теңге жинап берген Сурет авторы: Karl Tapales/Getty Images

Науқастардың емі мен мұқтаждарға көмек мақсатында жиналған ақша қымбат пәтерлер мен бәс тігуге жұмсалған, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігі.

Ведомство атап өткендей, Қазақстанда краудфандинг арқылы барлығы алты миллиард теңге жиналған, оның екі миллиардында алаяқтық белгілері бар.

“Жосықсыз азаматтар «ем» және «жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету» үшін қайырымдылық қызметі мен көмек көрсету түріндегі қаражат жинауды кедергісіз және бақылаусыз жүзеге асырады. Олар ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға, тұрмыстық шығындарға, букмекерлік кеңселерде бәс тігуге және шетелдегі қымбат пәтерлерді жалға алуға жұмсайды”, – деді ҚМА басшысы Дмитрий Малахов.

Жалпы, департаменттің хабарлауынша, 660 мың адам жалған көмек сұраушыларға өз қаражатын жіберген.

Соңғы жаңалықтар