$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақстандық оқушылар қыздар арасындағы математикадан халықаралық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды

Редакция
17 сәуір 2024 05:06 1322
Қазақстандық оқушылар қыздар арасындағы математикадан халықаралық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды Сурет авторы: Оқу-ағарту министрлігі

Бүгін Грузияның Цхалтубо қаласында EGMO-2024 қыздар арасындағы математикадан халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті. Жарысқа 54 елден 212 оқушы қатысты. Қазақстан құрама командасында төрт оқушы мен екі жетекші бар.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан командасының қоржыны 4 медальға толықты:

  1. Күміс медаль - Анастасия Одинцова - Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
  2. Күміс медаль - Амира Кенбаева – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы;
  3. Қола медаль - Арай Қасенова – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 11 сынып оқушысы;
  4. Қола медаль - Аружан Батырхан - Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9 сынып оқушысы.

Айта кету керек, EGMO алғаш рет 2012 жылы Кембриджде ұйымдастырылды. Қазақстан олимпиадаға 2017 жылдан бері қатысып келеді. Осы жылдарда Қазақстан құрамасы 3 алтын, 11 күміс, 12 қола медаль және 4 құрмет грамотасын иеленді.

Соңғы жаңалықтар