$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақстандық боксшылар Италиядағы лицензиялық турнирді сәтті бастады

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 4857
Қазақстандық боксшылар Италиядағы лицензиялық турнирді сәтті бастады

Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының боксшылары алғашқы жекпе-жектерін жеңіспен бастады.

Нақтырақ айтсақ, 80 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Нұрбек Оралбай Олимпиадаға іріктеу турниріндегі бірінші жекпе-жегінде гаитилік Кедрик Белони-Дулиепрені жеңді.

Бұған дейін 57 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан бірінші айналымда эфиопиялық Лета Фикремариам Ядесамен жұдырықтасып, еш қиындықсыз жеңіске жеткен еді.

Ал ерлер арасында 51 келіде Сәкен Бибосынов гонконгтық Каннет Чун Хим Танмен қолғап түйістіріп, келесі кезеңге өтсе, әйелдер арасында 60 келіде шаршы алаңға шыққан Римма Волосенко алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізген болатын. Ол жауапты сында Тринидад Тобаго елінің өкілі Тианна Гуимен кездесіп, төрешілер шешімімен басым түсті.

Атап өтейік, лицензиялық турнирде 2024 жылғы Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынады. Былғары қолғап шеберлері ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдамаға таласады. Турнир 3-12 наурыз аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар