$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Қазақстанда Youtube Premium пайда болды: Артықшылығы неде?

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 1643
Қазақстанда Youtube Premium пайда болды: Артықшылығы неде? Сурет авторы: didongthongminh.vn

Қазақстанда YouTube Premium пайда болды. Бұл жаңалықты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Telegram арнасында бөлісті.

Министр бір жыл бұрын Кремний алқабына жұмыс сапарымен барып, Youtube өнімдерін басқару жөніндегі вице-президент Адам Смитпен кездесіп, сервистің Қазақстанда іске қосылуын талқылаған.

"Қолданушылар мен контент жасайтындарға жаңа мүмкіндіктер ашатын YouTube Premium енді Қазақстанда. Бұл оқиға елдің цифрлық инфрақұрылымын дамыту мен оны жаһандық желіге біріктіруде жасаған елеулі қадам", – деп жазды Цифрлық даму басшысы.⠀

YouTube Premium-ның артықшылығы неде?

  1. Premium нұсқасында YouTube-ті жарнамасыз көруге болады;
  2. бейне материалдарды офлайн режимде көру үшін оны жүктеп алып, басқа қосымшаларды қатар қолдану кезінде оны фондық режимде де тыңдауға болады.

Сонымен қатар министр қазір цифрлық экономиканы дамыту мен Қазақстандағы жергілікті контент-жасаушыларды қолдау мүмкіндіктері күн тәртібінде екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар