$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Қазақстанда "Ауыл кітапханаларына 100 кітап" акциясы басталды

Редакция
05 мамыр 2024 04:16 2307
Қазақстанда "Ауыл кітапханаларына 100 кітап" акциясы басталды

Ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда "Ауыл кітапханаларына 100 кітап" атты акция басталғанын хабарлап, бұл бастамаға жанашыр азаматтарды атсалысуға шақырды. 

Акцияға министрдің өзі де үн қосып, Абай Құнанбайұлының ауылы Қарауылға және Қаныш Сәтбаевтың ауылы Баянауылға және өз туған ауылына әлем және қазақ әдебиетінің үздік шығармаларын, танымдық-ағартушылық әдебиеттерді тарту еткен. 

"Бұл акцияны өзге де әріпестерім, министрлер қолдап, қазірдің өзінде бірнеше ауылға кітап жеткізіп үлгерді. Мәселен, ішкі істер министрі Ержан Сапарбекұлы, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сейпілұлы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Қабыкенқызы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болған Бағдат Батырбекұлы жеке атсалысып, еліміздің бірқатар өңіріндегі ауыл кітапханаларына 100 кітаптан табыс етуде. Басқа да әріптестерміз таяуда акцияға қолдау көрсетуге ниет білдірді", – деп жазды министр. 

Балаева бұл бастама шалғайдағы ауыл кітапханаларына соңғы шыққан жаңа туындыларды жеткізіп, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруды көздейтінін айта келе, акцияға атсалысуға өзге де мекемелер мен ұйымдар, жанашыр азаматтарды шақырды. 

 

Соңғы жаңалықтар