$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері наурыз мейрамында жұмыс істемейді

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 4591
Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері наурыз мейрамында жұмыс істемейді

Қазақстан-Қытай шекарасындағы көлік өткізу пункттері 21-23 наурыз аралығында жұмыс істемейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстанда Наурыз мейрамын мерекелеуге байланысты 2024 жылдың 21-23 наурызында Қазақстан-Қытай шекарасында5s автомобиль өткізу пунктерінде азаматтар, көлік пен жүктер өткізілмейді», - делінген ақпаратта.

Ал теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастыра береді.

Қазақстанда Наурыз мерекесі 21-23 наурыз аралығында тойланады. Биыл мейрам бейсенбі, жұма және сенбі күндеріне сәйкес келеді. Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 5 күн қатарынан – 21 наурыз бен 25 наурызды қоса алғанда демалады. Алты күндік жұмыс аптасы үшін демалыс 21-24 наурыз аралығында жалғасады. 25 наурыз (дүйсенбі) – жұмыс күні.

Соңғы жаңалықтар