$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Италияда бокстан лицензиялық турнир басталды

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 3974
Италияда бокстан лицензиялық турнир басталды

3 наурызда Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан олимпиада лицензиясын сарапқа салатын халықаралық турнир басталды.

Ұлттық құрамадан бүгін шаршы алаңға ерлер арасында 51 келіде Сәкен Бибосынов гонконгтық Каннет Чун Хим Танмен қолғап түйістіреді.

Ал әйелдер арасында 60 келіде Римма Волосенко гайаналық Хаднас-Сах Тианнамен шаршы алаңға шығады.

Лицензиялық турнирде 2024 жылғы Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынады. Былғары қолғап шеберлері ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдамаға таласады. Турнир 3-12 наурыз аралығында өтеді.

 

Айта кетейік, қазірге дейін ел құрамасынан Азия ойындарында Карина Ибрагимова (57 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) Париж Олимпиадасына жолдама алып үлгерді.

Соңғы жаңалықтар