$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Интернет бала түгілі, ата-аналарға да теріс ықпал етіп жатыр – Тоқаев

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 4931
Интернет бала түгілі, ата-аналарға да теріс ықпал етіп жатыр – Тоқаев Сурет авторы: detector.media

Атырауда Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны өтіп жатыр. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев интернеттің беретін зиянына тоқталып өтті.

“Тек ақпараттық технологияның пайдалы жағын алып, зиянды жағынан сақ болған жөн. Ашығын айтсақ, интернетті талғамсыз пайдалану бала тәрбиесіне теріс ықпал етіп жатыр. Бұл – өкінішке қарай, ақиқат. Балалар түгілі, ата-аналар да әлеуметтік желідегі мағынасыз контентке тым әуес”, – деді Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы жастарды кітап оқуға баулуымыз керек екенін айтты.

“Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Тәуелсіздік кезеңінде елімізде кітапхана ісі кенжелеп қалды. Тоқсаныншы жылдардағы аласапыран уақытта мыңдаған кітапхана жабылды. Миллиондаған кітап қорынан айырылдық. Соңғы жылдары жағдайды түзеу үшін әрекет жасалып жатыр. Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бей-жай қарауға болмайды”, – деді президент.

Соңғы жаңалықтар