$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

inDrive Қазақстандағы жүргізушілеріне несие беруі мүмкін

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 4461
inDrive Қазақстандағы жүргізушілеріне несие беруі мүмкін Сурет авторы: punchng.com

inDrive компаниясы Қазақстандағы жүргізушілеріне несие беруі мүмкін. Әзірше компания R2 қаржы технологиялық компаниясымен серіктестік құрып,  мұндай жүйені Мексикада қосты, деп хабарлайды qrnews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Cонымен қатар компания солтүстіктегі Монтеррей қаласынан бастап жүргізушілерді несиелік карталармен қамтамасыз ету үшін Mastercard және жергілікті финтехнологиялық Giro және Galileo компанияларымен серіктестік жасайды.

Бұл жүйе несие алу қиын елде қаржылық қызметтерді қамтамасыз ету үшін енгізілді. Мексикада халықтың едәуір бөлігі банк қызметтерін ала алмайды. inDrive жүргізушілеріне ресми несие алу қиынға соғады, сондай-ақ несие тарихы жақсы болуы керек.

"Елестетіп көріңізші, сіз автокөлік немесе мотоциклмен күніңізді көріп отырсыз. Бір күні сол техниканыңыз сынып қалды. Ал оны 150 долларға жөндеу керек. Ондай ақшаңыз болмаса не істейсіз?"- дейді компания президенті Марк Лофран Reuters агенттігіне берген сұқбатында.

Марк Лофранның айтуынша, inDrive жүргізушілеріне ақылға қонымды опциялар ұсынуға дайын. Жүргізушілер несиенің орташа мөлшері шамамен 300 долларды құрайды, пайыздық мөлшерлеме елдегі жалпы стандартқа жақын болады.

Лофран болашақта Бразилия, Колумбия, Мысыр, Пәкістан және Қазақстанда ұқсас қызметтер көрсетілуі мүмкін екенін айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар