$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайланды

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 4872
Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайланды

Астанада ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас ассамблеясының кезектен тыс отырысында Геннадий Головкин ұйымның жаңа президенті болып сайланды. Головкин бұл қызметті алдағы төрт жыл бойы атқарады. 

Бүгінге дейін комитетті Тимур Құлыбаев басқарып келген.

"Жаңа лауазымда еліміздің атынан әрекет ету – мен үшін зор мәртебе. Маған Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетін басқаруды ұсынғанда, қазақстандық спортты дамытуға өз үлесімді қосуға мүмкіндік берсе ғана, кандидатурамды ұсынатынымды айттым. Өздеріңіз білетіндей, мен саясаткер де, шенеунік те емеспін. Өз әрекетімді сөзбен емес, іспен дәлелдеп үйренгенмін. Осы орайда, менің өз көзқарасым, жылдар бойы жиналған халықаралық тәжірибем барын, команда барын айтқым келеді. Ал ең бастысы және менің көптен бергі қалауым – бұл барлығын да өзімнің туған елімде жүзеге асыру", – деді Геннадий Головкин.

41 жастағы Геннадий Головкин Қарағанды қаласының тумасы. Кәсіби боксшы. Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. IBF, WBA және IBO нұсқалары бойынша екі дүркін әлем чемпионы.

Соңғы жаңалықтар