$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Түрікменстанды жеңді

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 2333
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Түрікменстанды жеңді

Дубай қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстан мен Түрікменстан ұлттық құрамалары арасында жолдастық матч өтті. Жабық өткен бақылау ойыны ұлттық құрама жігіттерінің жеңісімен аяқталды. 

Матчтың 2-минутында Ислам Чесноков Максим Самородовтың пасынан кейін есептті ашты. Бірінші тайм 1:0 есебімен аяқталды.

Үзілістен кейін 47-минутта Александр Зуев алыстан тоғыздықты көздеп, есепті еселеді.

Айта кетейік, екі жақтың келісімі бойынша матч жабық түрде өтті және ойынның хаттамасы мен шолуы болмайды.

Соңғы жаңалықтар