$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Футболдан Қазақстан суперкубогінің жеңімпазы анықталды

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 3191
Футболдан Қазақстан суперкубогінің жеңімпазы анықталды

Қостанайлық «Тобыл» футболдан 2024 жылғы Қазақстан суперкубогының иегері атанды. Финалда «Ордабасы» командасымен тоқсан минут тең ойнаған «Тобыл» пенальтиде басым түсті. 

Суперкубок ойындары биыл 19-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. Ойын алғаш рет шетелде, Түркияның Анталия қаласындағы «Титаник Мардан» стадионында өтті. 

Матч барысында командалар жылдам гол соғуға тырысты. Десе де бірінші кезеңнің соңына дейін есеп ашылған жоқ. Ойынның 45-минутында «Ордабасы» футболшысы Евгений Макаренко мергендігімен көзге түсті.

Екінші таймда қостанайлық клуб таразы басын теңестіруге ұмтылды. Нәтижесінде 64-минутта Иван Миладинович көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Кездесудің негізгі кезеңі 1:1 есебімен тең аяқталып, пенальтиде «Тобыл» басым түсті.

Соңғы жаңалықтар