$ 539.55 € 627.55 ₽ 6.7

Ескі көліктерге салынатын салық қалай азаяды?

Редакция
30 сәуір 2024 12:32 1552
Ескі көліктерге салынатын салық қалай азаяды?

Зауыттан шыққанына 20 жылдан асқан көліктер салықты қазіргіден екі есе аз төлейді.

Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутаттарының көлік салығына қатысты сауалына жауап берді. Оның айтуынша, қазіргі таңда ескі көліктерге салынатын салық мөлшерін азайту мәселесі қаралып жатыр. 

Бектенов бұл ретте салық мөлшерін қандай коэффициенттермен есептеу ұсынылғанын хабарлады. 

  • шыққанына 20 жылдан асқан көліктер үшін 0,5;
  • шыққанына 10-20 жыл болған көліктер үшін 0,7 коэффициентін қолдану жоспарланып отыр. 

 

Бұған сәйкес 20 жылдан асқан көліктер үшін төленетін салық мөлшері қысқарады. 

Соңғы жаңалықтар