$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Елімізде жаңа футбол телеарнасы ашылады

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 3243
Елімізде жаңа футбол телеарнасы ашылады Сурет авторы: kazfootball.kz

Қазақстанда жаңа футбол телеарнасы ашылады. Енді ел футболындағы барлық ойындарды «Q-Football» арнасынан тамашалай аласыздар. Бұл туралы 28 ақпанда өткен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының жаңа брендінің таныстырылымы мен жаңа маусымының тұсаукесерінде мәлім болды, деп хабарлайды qrnews.kz тілшісі qfl.kz-ке сілтеме жасап.

Іс-шарада жаңа маусымнан бастап, ойындардың эфирлік сапасы айтарлықтай жақсаратыны айтылды. Тікелей эфирлерді өндіру үшін кәсіби бейнекамералар саны ұлғайтылды, жаңа графикалық пакет енгізілді.

Телеарнада QFL ұйымдастыратын ҚПЛ, Қазақстан кубогы, Бірінші лига, сондай-ақ Лига кубогы, Әйелдер лигасы және Әйелдер кубогы сияқты бұрын-соңды болмаған жаңа турнирлер көрсетіледі.

Сонымен қатар жаңа QFL сайты іске қосылып, лиганың әлеуметтік желідегі беттері жаңартылды.

Естеріңізге сала кетейік, 1 наурыздан бастап, Qazaqstan Football League брендімен Премьер-Лиганың жаңа маусымы басталады.

Соңғы жаңалықтар