$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Елімізде өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 58 ел қатысады

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 1987
Елімізде өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 58 ел қатысады Сурет авторы: Kazinform

Биыл елімізде өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға әлемнің 58 елі ниет білдірді. 

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Премьер-Министрдің өкімімен ұйымдастыру комитеті құрылғанын мәлімдеді. 

«Қазір V Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу жөнінде дайындық жүріп жатыр. «Қазспортинвест» АҚ базасында ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы құрылды. Ал, 10 қаңтарда ВИК стилінде қаланы безендіру бағдарламасы басталды. Осы кезге дейін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына 58 ел қатысатынын растады», - деп мәлім етті Аида Балаева. 

Соңғы жаңалықтар