$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Бүгін футболдан Қазақстан суперкубогі өтеді

Редакция
31 наурыз 2024, 05:24
Бүгін футболдан Қазақстан суперкубогі өтеді

25 ақпан жексенбі күні футболдан 2024 жылғы Қазақстан суперкубогы өтеді. Аталған ойында «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тобыл» (Қостанай) командалары кездеседі.

Матч алғаш рет басқа елде ұйымдастырылып отыр. Ойын Түркияның Анталия қаласындағы «Титаник Мардан» стадионында Астана уақытымен сағат 18:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Суперкубок ойындары биыл 19-ші рет ұйымдастырылып отыр. 

Бүгінге дейін финалда он команда бақ сынаған. Олардың арасында «Астана» он мәрте финалда ойнап, бес рет (2011, 2015, 2018, 2019, 2020, 2023) кубокты иеленді. Одан кейінгі кезекте Алматының «Қайраты» 5 мәрте финалда бақ сынап, екеуінде (2016, 2017) жеңімпаз атанды.

Ал «Ақтөбе» 3 (2008, 2010, 2014), және «Тобыл» (2021, 2022) 2, «Елімай» (1995), «Ордабасы» (2012), «Шахтер» (2013) командалары бір-бірден жеңіс тұғырынан көрінді. Сондай-ақ, «Атырау», «Восток» және «Қайсар» командалары суперкубокқа шыққанымен бірде-бір рет жеңімпаз атана алмады

Айта кетейік, бұған дейін футболдан ел чемпионатының күнтізбесі белгілі болғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар