$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Бозымбаев су басқан үйлерге кететін шығын сомасын айтты

Редакция
24 сәуір 2024 03:41 1943
Бозымбаев су басқан үйлерге кететін шығын сомасын айтты Сурет авторы: ТЖМ

Су тасқыны салдарынан баспанасынан айырылған отбасыларды тұрғын үймен қамтуға 200 млрд теңге жұмсалуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qrnews.kz тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгінде ел аумағындағы су басқан үйлердің 30 пайызына бағалау жұмыстары жүргізілген. Бозымбаев 200 млрд кетуі мүмкін деген жорамалдың осы жұмыстардың қорытындысына сәйкес жасалғанын айтты.  

"Қанша үй су астында қалғанын есептедік. Оның шамамен 30%-ы бағаланды. Осыған қарап, 200 млрд теңге керек болады деп ойлап отырмыз. Бірақ бұл нақты есеп емес. Себебі еліміздің бірнеше өңірінде жағдай әлі де тұрақталмады", – деді вице-премьер.

 

Соңғы жаңалықтар