$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

«Болашақ» стипендиаттары енді келісімшартқа онлайн қол қоя алады

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 3920
«Болашақ» стипендиаттары енді келісімшартқа онлайн қол қоя алады Сурет авторы: NULL

"Болашақ" бағдарламасының стипендиаттары алғаш рет келісімшартқа онлайн форматта қол қойды. Бұл туралы Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы Әлия Оспанова хабарлады.

Халықаралық бағдарлама іске қосылған 1994 жылдан бері стипендиаттар мен олардың гаранттары келісімшартқа қол қою үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен ұйымның бас кеңсесіне (алғашқы жылдары Алматыға, кейін Астанаға) келуге мәжбүр болатын. 

 "Бұл стипендиаттар үшін үлкен қиындықтар тудырып келген еді. Өйткені, келісімшартқа қол қоюдың өзі 60-90 күнге созылатын", – деді Әлия Оспанова. 

Қазіргі уақытта оқуды ұйымдастыру туралы, кепілдік туралы шарттарға онлайн қол қоюға болады. Енді кепіл туралы шартқа қол қою процесі цифрландырылып жатыр. 

Айта кетейік, Халықаралық бағдарламалар орталығында биыл 8 қаңтарда алғаш рет шарттарға онлайн қол қоюға бронь беру тәртібі енгізілді. 

Соңғы жаңалықтар