$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Блогерлерге букмекерлік кеңселерді жарнамалауға тыйым салынады

Редакция
22 сәуір 2024 09:29 1312
Блогерлерге букмекерлік кеңселерді жарнамалауға тыйым салынады Сурет авторы: shutterstock

Ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі туралы заңға енгізілген өзгерістер блогерлердің букмекерлік кеңселерді жарнамалауына тыйым салады, деп хабарлайды Qrnews.kz.

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев мәлім етті. Ол Қазақстанда құмар ойындарға тәуелділіктің ауқымды болуына жарнамаға шектеудің жоқтығы себеп болғанын атап өтті. Заң қабылданғаннан кейін танымал блогерлер немесе ықпал етушілер өздерінің әлеуметтік желілері арқылы букмекерлік кеңселер мен казиноларды жарнамалай алмайды.

"Олардың мұндай құқығы болмайды. Ол үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске арнайы норма енгізіп, 60 АЕК көлемінде айыппұл салуды қарастырдық. Блогерлер спорттық іс-шараларға қатысуы мүмкін, бірақ олардың барлығы букмекерлік кеңселерді жарнамалау құқығынан айырылады", — деді Елнұр Бейсенбаев.

Соңғы жаңалықтар