$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

БҚО-да қар қатты еріп, өзендерде су тасуы мүмкін

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 2103
БҚО-да қар қатты еріп, өзендерде су тасуы мүмкін Сурет авторы: gov.kz

Батыс Қазақстан облысында 25-28 наурыз аралығында күн жылынып, қар қатты еруі мүмкін. Бұл туралы БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, осы күндері жаңбыр жаууы да ықтимал. Әсіресе, 26 наурызда өңірдің кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады.

«Қардың қарқынды еруі салдарынан су ағыны қалыптасады. Мұздың қалыңдығы сетінеп, өзендерде су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы мүмкін. Осыған байланысты ескерту жарияланып, төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында тиісті іс-шаралар қолға алынып жатыр», деп хабарлады ведомстводан.

25 наурыз күні облыстың бірқатар жерінде, Орал қаласында тұман түсуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар