$ 539.55 € 627.55 ₽ 6.7

Бишімбаев ісі: Республикалық адвокаттар алқасы үндеу жасады

Редакция
24 сәуір 2024 07:23 4558
Бишімбаев ісі: Республикалық адвокаттар алқасы үндеу жасады Сурет авторы: Жоғарғы сот

Республикалық адвокаттар алқасы Бишімбаев ісіне қатысты үндеу жасады.

Коллегия адам қандай ауыр қылмыс жасады деп айыпталмасын, адвокаттар оны заңда тыйым салынбаған барлық тәсілдермен осы айыптаудан қорғауға міндетті екенін еске салды.

"Адвокаттарды қудалау әрекеттері Қазақстан тарихында орын алды және адвокатура мұның қайталанбауы үшін күресуде.

Осыған байланысты адвокаттарға өздерінің кәсіби міндеттерін жүзеге асыруға байланысты қысымды тоқтатуды сұраймыз", – делінген үндеуде.

Бишімбаев «қинау», сондай-ақ «аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру» баптары бойынша айыпталған. Коллегияның үндеуінде адвокаттар Қ.Бишімбаевты заңға және кәсіптік әдеп ережелеріне сәйкес қалай қажет деп санайды, солай қорғауға тиіс екені және қорғайтыны жазылған.

Соңғы жаңалықтар