$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Астанадағы көптен күткен LRT жобасының іске қосылатын күні белгілі болды

Дулат Абдраманов
Астанадағы көптен күткен LRT жобасының іске қосылатын күні белгілі болды Сурет авторы: rus.baq.kz

Астана қаласында көптен күткен LRT жобасы алғашқы қадамдарын жасай бастады. Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің мәлімдеуінше, 29-30 қыркүйекте алғашқы пойыздар жолға шығады. Олар Әбу-Даби станциясынан Мәңгілік Ел бағытындағы көпірге дейінгі аралықта қатынайды.

«Алдағы уақытта күн сайын пойыздардың жұмыс уақытын ұзартып, станциялар мен пойыздар санын көбейтеміз. Жалпы, сынақ мерзімі үш айдан алты айға дейін жалғасады», - деді Астана әкімі.

Қазан айында қалаға тағы сегіз пойыз жеткізіледі. Ал барлығы 18 пойыз желтоқсанға дейін толық пайдалануға берілмек. Әкімнің айтуынша, келер жылдың басынан бастап LRT толық режимде жұмыс істейді.

«Желтоқсан айының соңына дейін немесе қаңтардың ортасына қарай барлық пойыз сынақ режимінде қатынайды. Жол ақысының жобалық құны 200 теңге», — деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Соңғы жаңалықтар